Жүктің ішінде ұн, бидай, май, макарон, ет азықтары, күріш, қант бар. Сонымен бірге алғашқы жәрдем көрсету құралдары да салынған.
Қазір Ауғанстанға Біріккен Араб Әмірлігінен және Түркиядан гуманитарлық көмек жеткен.
7 қазанда Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында күші 6,3 баллға жеткен жер сілкінісі болды. Зілзала 2445 адамның өмірін алғанын "Талибан" үкіметі хабарлады.
Тағы екі мыңнан астам адам жарақат алған.