Осылай деп АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы елшісі Майкл Козак Варшавадағы адам құқықтарына арналған жиында мәлімдеді.
Майкл Козак заң үстемдігіне арналған панелдік талқыда Тәжікстанның уақытша қамау орындарында азаптау қауіпі өте жоғары екенін атап өтті.
"АҚШ Тәжікстанда тәуелсіз және әділетті соттың жоқтығына, қамаудағы азаптаулар және қатаң үкім шығаруға алаңдаушылық білдіреді. Тәжік белсенділерінің саяси баспана беру жөніндегі өтінішін қарап жатқан елдер егер олар депортацияланса, азаптау мен қатаң үкім күтіп тұрғанын еске алуы тиіс", - деді ол.
Соңғы бірнеше жылда Тәжікстанның "Исламның қайта жаңғыруы" партиясы мен "Группа 24" секілді оппозициялық топтарға тыйым салынғаннан кейін, ондаған белсенді Еуропаға қашып, сол жақтан саяси баспана сұраған.
Былтыр Тәжікстаннан саяси баспана іздегендер сану Таулы Бадахшанның жергілікті тұрғындары есебінен көбейген.
Еуростат мәліметі бойынша, 2022 жылы 1380 Тәжікстан азаматы Еуроодаққа мүше елдерден баспана сұраған.
Өтінімдердің саны бойынша Германия алдыда (950 арыз), Польша (95), Аустрия (65), Швеция, Нидерланды және басқа елдер бар.
Еуропа елдері барлық өтінішті қанағаттандырмайды. Мәселен, тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыруы" партиясының мүшесі Хизбулло Шовализода 2020 жылы Аустриядан Тәжікстанға экстрадицияланып, 20 жылға еркінен айырылған. Осындай тағдырға екі белсенді – Абдулло Шамсиддин мен Сорбон Абдурахимзода да тап болды.