Ссылки доступа

Қырғыз блогері Әділет Балтабай арнайы қызметте тергелгенін хабарлады


Көпшілікке Әділет Балтабай есімімен танымал блогер, азаматтық белсенді Әділет Әли Мықтыбек Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінде бірнеше сағат бойы тергелген. Бұл туралы ол 11 қазанда Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлады.

Ол түскі уақыттан кешкі сағат 22:00-ге дейін тергеліп, Қамшы Көлбаев қылмыстық тобына қатысты сауалдарға жауап берген.

10 қазанда блогердің әйелі Әділет Балтабаев ұсталды деп айтқан. Гүлқайыр Жапароваға күйеуінің ұсталғанын Сокулук ауданы бойынша пробация органының қызметкерлері хабарлаған. Белсенді бұл жерге әдеттегідей тіркеуден өтуге барған.

ҰҚМК блогердің тергелуіне қатысты ешқандай мәлімет таратқан жоқ.

2022 жылғы қарашада Әділет Балтабай жаппай тәртіпсіздікке үндеді деген айыппен 5 жылға сотталған, бірақ сот оны үш жыл пробациялық бақылаумен бостандыққа жіберген. Содан кейін Бішкек қалалық соты пробация туралы шешімнің күшін жойып, белсендіні бес жыл жазаны өтеу үшін №27 колонияға жіберген. Бірақ Жоғары сот қалалық сот үкімін жойып, қайтадан пробациялық бақылау тағайындаған. на пять лет.

Әділет Балтабай жақында ғана әлеуметтік желілерде биліктің қылмыс әлемінің дөкейі Қамшы Көлбаевқа қатысты әрекетін сынаған. Қамшы Көлбаев 4 қазанда оны ұстау операциясы кезінде өлтірілді.

XS
SM
MD
LG