Ссылки доступа

Өзбекстанда ондаған бала өлгеніне қарамастан, Үндістан «Док-1 Макс» шербетін қайта өндіреді


Үндістанның Уттар-Прадеш штатының билігі Marion Biotech компаниясына өндірісті қайта жалғастыруға рұқсат берді. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Кәсіпорыны жұмысы Өзбекстанда жөтелге қарсы осы шербетті ішкен ондаған бала өлімінен кейін тоқтап қалған.

Фармацевтикалық компания жөтелге қарсы шербет өндіретін үш үнді кәсіпорынының қатарына кіреді. «Док-1 Макс» шербетінен Өзбекстанда, Гамбия мен Камерунда 141 бала өлген. Уттар-Прадеш штаты өкілдерінің мәлімдеуінше, «компанияның басқа да өнімдерінде улы зат табылмаған, сол себепті өндірісті жалғастыруға рұқсат берілген».

Уттар-Прадеш штатындағы Marion зауыты биыл наурызда жабылған. Былтыр Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі компания өнімдерінен улы зат табылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG