Ссылки доступа

Ресейде қырғыз әйелі 4 қабаттан құлап қайтыс болды


Мәскеу облысы Павшино әскери округында полиция (Красногорск қалалық окургы) қырғыз әйелі үйдің 4 қабатынан құлап қаза болғаны, пәтерден пышақтан жарақат алған адам табылғаны жөнінде хабарлады.

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі бұл оқиға бақылауда екенін жеткізді.

4 қабаттан құлап қаза болған 37 жастағы қырғызстандық әйелдің денесі Қырғызстанға, туған жеріне жеткізілген.

Пәтерден пышақ жарақатымен табылған 52 жастағы Ж. Т. атты ер адам ауруханаға жеткізілген.

Қырғызстанның еңбек министрлігінің мәліметінше, биыл соңғы алты айда 297 қырғызстандықтың денесі отанына жеткізілген.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде жұмыс істейтін қырғызстандықтардың саны 700 мыңнан асады. Соңғы 30 жыл ішінде 650 мыңнан астам қырғызстандық орыс азаматтығын алған.

XS
SM
MD
LG