Жақында оған "Жалған ақпарат таратты" деген айыппен іс қозғаған.
"Іс материалына қарағанда, М. 8 қарашада Facebook арқылы видео мәлімдеме жасады. Онда М. 21 қазанда көршісі шабуылдағанын, бұл оқиғаға қатысты полиция әрекетсіздік танытқанын айтқан. Полиция қызметкерлері оның арызын қабылдамағанын жеткізген. Сот М. тараптан полицияға арыз бермегенін анықтады", - делінген сот хабарламасында.
Сот шешімі әлі күшіне енбеді. 16 қарашада адвокат Ғалым Нүрпейісов Мелдеханұлына қатысты "Жалған ақпарат таратты" деген әкімшілік бап бойынша іс қозғалғанын мәлімдеген. Адвокаттың сөзінше, Айдос полицияға шағымданған. Бірақ учаскелік полицей арызды тіркемеген. Адвокат учаскелік полицейге қарсы шағымданатынын мәлімдеді.
Өткен аптада сот Мелдеханұлын қызының өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің "Қауіпте қалдырды" деген 119 бабына сәйкес жауапқа тарту туралы шешім шығарған.
Алматы әскери соты болса Айкөркемнің өліміне кінәлі деген әскери қызметкер Арман Жұманды ақтады.
Прокурор айыпталушыға жеті жыл сұраған. Ал жәбірленуші тарап істі "қызметін асыра пайдаланды" деп емес, "адам өлтірді" деген бапқа ауыстыруды сұраған.
Әскери прокуратура сот үкімінен кейін Жұманға қатысты апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Сот үкімі әлі күшіне енбеді.