Ссылки доступа

"Досье": Путинге қатысы бар екі яхта табылды


"Досье" зерттеу орталығы Ресей президенті Владимир Путин мен оның серіктері пайдаланатын екі супер яхтаны анықтағанын мәлімдеді.

Олар - 71 метрлік "Виктория" және оның жанындағы 38 метрлік "Орион" яхтасы. Осыған дейін бұл кемелер туралы мәлім болмаған.

"Досье" "Виктория" яхтасын "Владимир Путиннің Қара теңіздегі кемелер жасағының қолбасшысы" деп атады. Қазір бұл кеменің Стамбұл түбіндегі Тузла портында жөндеуден өтіп жатқаны айтылады. "Досье" журналистері бұл яхтаны квадрокоптермен түсірген.

Путинмен 20 жылдан астам уақыт бірге жұмыс істеген "Досье" дереккөзінің мәліметінше, "Виктория" яхтасы 2000 жылдары "Севмаш" зауытында салынған. Яхтаны 14 жыл бойында салған. Оған кемінде 50 млн доллар жұмсалған.

Яхта 2021 жылдың жазында аннексияланған Қырымға дейін барған. Оның жанында Италияда салынған "Орион" яхтасы болған.

"Досье" мәліметінше, "Виктория" яхтасын негізінен Путинге ең жақын адам деп айтылатын Алина Кабаева пайдаланып келген.

XS
SM
MD
LG