Мекеме мәліметінше, жақын уақытта "ТТ мобайл" және "Индиго Тәжікстан" компаниялары интернет қызметін көрсете бастайды. Байланыс қызметінің басшысы, тәжік президентінің күйеу баласы болып келетін Бег Сабур бұл қадам интернетке қол жетімділікті арттырады деді.
Осыған дейін интернет қызметін көрсететін компания тәжік президенті отбасына тиесілі, монополия болып келген. Тәжікстанда интернет байланысы қымбат екенін айтып, халықаралық ұйымдар да сынап келген.