Ссылки доступа

Эмомали Рахмон ресми сапармен Ресейге кетті


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 21 қарашада ресми сапармен Ресейге кетті.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министрдің орынбасары, бірнеше министрлік пен комитет басшылары Рахмонмен еріп барады.

Сапардың күн тәртібі жарияланбады.

Алайда бұның алдында ТАСС Эмомали Рахмон Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетінін, жүздесу шағын топпен өтетінін хабарлаған.

Рахмон 23 қарашада Мәскеуден Минск қаласына ұшып шығады. Сол жерде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының саммитіне қатысады. Бұл саммитке Путин де барады. Соңғы рет Рахмон мен Путин қазанда Бішкекте ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысында кездескен.

Тәжікстан мен Ресей стратегиялық әріптес. Тәжікстан аумағында Ресейдің 7 мың жауынгері бар ірі әскери базасы орналасқан. Тәжікстанның 1 миллионға тарта азаматы жылда Ресейге жұмыс істеуге барады.

XS
SM
MD
LG