Ссылки доступа

Ресейде бірнеше адам метадоннан уланып қалған соң ОА елдерінің бірнеше азаматы ұсталды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ресейдің Астрахань қаласында синтетикалық опиоид – метадоннан кем дегенде үш адам өлді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. «Известие» төрт адам өлді деген мәліметті полициядағы дереккөзге сүйене отырып таратты.

Бірнеше күн ішінде Астрахандағы ауруханаға 20 шақты адам түсті. 20 қарашада кешке алты адамның жағдайы ауыр екені хабарланды.

Тергеу нұсқасына қарағанда, адамдар метадонды есірткінің басқа түрімен шатастырып алған. Олар опиоидқа жатпайтын мефедрон сатып алдық деп ойлаған.

Есірткі сатушылар да солай деп есептеген.

ІІМ мәліметінше, есірткі сатты деген күтікпен үш адам - Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG