Ссылки доступа

Қырғыз журналисі Гүлжан Шерипбаева үйқамаққа ауыстырылды


Қырғызстанда Nazarnews жаңалықтар сайтының иесі Гүлжан Шерипбаева үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы Бішкектің 1-май аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұлтартпас шарасын өзгерту жөніндегі шешім 20 қарашада қабылданған. Журналист үйқамақта 15 ақпанға дейін отырады.

Соттың 18 қарашадағы шешімімен Шерипбаева 1 желтоқсанға дейін тергеу изоляторына түскен.

16 қарашада Гүлжан Шерипбаева өзін ҰҚМК қызметкерлері ұстағанын әлеуметтік желідегі парағына жазған. Журналисті басылым кеңсесінен алып кеткен. Кейін оны «ұлт араздығын туғызды» деген күдікпен ұстағаны мәлім болды. Журналист мұндай айыппен келіспейтінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG