Иноятов ол кезде министрдің бірінші орынбасары болып істегенін, балалар «Док-1 Макс» шербетін ішкеннен кейін өлді деген мәліметті кеш естігенін айтты.
«Мен ол туралы 24-25 желтоқсанда естідім. Біз бірден осы іспен айналыстық, қаңтардың алғашқы 10 күнінде 17 адам адамды тартып, әр үйге, әр дәріханаға кіріп, он күн ішінде осы шербетті жинадық» дейді Амрилло Иноятов.
Алайда Өзбекстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Эльмира Баситханова осы іске қатысты сотта сөйлеген кезінде министрлік кінәлі еместігін, балалардың «Док-1 Макс» дәрісінен уланып жатқаныны туралы министрлікке хабар жетпегенін айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, Ташкент қалалық сотында балалардың жөтелге қарсы дәрітен жаппай улануына қатысты іс 11 тамыздан бастап қарала бастаған. 21 адамға айып тағылған. Олардың арасында фармацевтика саласын дамыту жөніндегі агенттігінің бұрынғы басшысы Сардор Кариев пен Quramax Medikal директоры Рагневдра Пратар бар.
Бұның алдында құқық қорғаушы Абдурахмон Ташанов Өзбекстанда 65 баланың өмірін қиған шербет елге жемқорлық жолмен кіргенін хабарлаған. «Quramax Medical» директоры сотта бір шенеунікке 33 мың доллар бергенін мойындаған. Артынша препарат елде тіркелген.