Ссылки доступа

"Қазақмыс" компаниясы өз кенішінде екі жұмысшы "жазатайым оқиғадан" қаза болғанын хабарлады


"Қазақмыс" компаниясына қарасты кеніште екі жұмысшы қаза болған. Қайғылы оқиға 27 қарашада Жамбыл облысындағы "Жайсан" кенішінде тау-кен жұмыстарын атқару кезінде болған.

"Қазақмыс" компаниясы "Жайсаң" кенішінде болған оқиғаны растап, "жазатайым оқиға" деп бағалаған және өлгендердің туыстарына көңіл айтқан.

Компания мәліметіне қарағанда тау-кен жұмыстары кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта трестінің 1981 және 2002 жылғы екі жұмысшысы жараланып, қаза болған.

"Қазақмыс" баспасөз қызметінің арнайы комиссия оқиғаның жай-жапсарын анықтайтынын жазған.

"Қазақмыс" қараша айында Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасы мен №2 Жезқазған кен-байыту фабрикасында екі жұмысшы қаза болғанын хабарлаған болатын.

XS
SM
MD
LG