Ссылки доступа

Путин жақын күндері ТМД басшыларымен кездеседі


Владимир Путин желтоқсанның соңында Санкт-Петербургте ТМД басшыларымен биресми кездесу өткізбек. Бұл жөнінде РИА Новости хабарлады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының төрағалығы Ресейге өтеді. Осыған орай Путин ұйымға мүше елдер арасында өнер, білім және ғылым саласында жан-жақты шаралар өткізіп, өзара қарым-қатынасты одан әрі дамытуды жалғастыра беретінін жеткізді.

"Кино және теле жобаларды дамытамыз. Өнер саласында түрлі байқаулар өткіземіз. Ресей бұл салада бірнеше бастама көтеріп отыр. Оның ішінде Еуразиялық киноөнер академиясы құру, Еуразиялық кино сыйлықтар тағайындау және "Интервидение" әндер фестивалін өткізуді қайта жаңғыртамыз",- деді Ресей президенті.

Бұдан бөлек Ресей орыс тілінің дамуына аса көңіл бөлетінін де айтты.

ТМД елдерінің саммиті 26 желтоқсанда Петербургта өтеді.

XS
SM
MD
LG