Ссылки доступа

Қырғызстанда көлік иелеріне міндетті сақтандыру алмағаны үшін айыппұл салуды 2025 жылға шегерді


Қырғызстан көлік иелеріне азаматтық жауапкершілік жөніндегі міндетті сақтандыру алмағаны үшін айыппұл салуды 2025 жылға шегерді.

Қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес, айыппұл салу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек болған.

Елдің экономика министрлігі әлемде азық-түлік, коммуналды төлемдер және басқа да заттардың қымбаттауына байланысты айыппұл салуды бір жылға шегеруді шештік деп мәлімдеді.

Қырғызстанда наурыз айынан бастап өзге елдерде тіркелген көліктер үшін міндетті сақтандыру күшіне енген. Сонымен бірге мемлекеттік, жергілікті өзін-өзін басқару органдарының және заңды тұлғалардың көліктері де міндетті сақтандырылуы тиіс.

XS
SM
MD
LG