Ссылки доступа

Өзбекстан көрші елдерге қатынайтын автобустарды екі есе көбейтеді


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев көлік министрлігіне кем дегенде 1200 автобус сатып алуға тапсырма берді.

Көрші Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға қатынайтын автобустар екі есе көбейеді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Шерзод Асадов хабарлады.

Республикада көлік қызметтерінің жарымы автокөлікке тиесілі. Биыл шамамен 1,5 мың автобус әкелінгеніне қарамастан, қызмет көлемі бар болғаны 5,5 пайыз өскен.

Авиция нарығында да бәсеке пайда болды. Алты жекеменшік компания іске кірісті. Жыл басынан бері 25 жаңа ұшақ сатып алынды, 17 бағыт ашылды.

Соған қарамастан бұл саладағы қызмет көлемі 7,7 пайыз ғана ұлғайған. Өзбекстан көлік министрлігі әуе тасымалы көлемін 20 пайыз өсіруді көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG