Ссылки доступа

Өзбекстанда билікті сынаған дәрігер-блогер 7 жылға сотталды


Өзбекстанда мемлекеттік органдардың ісін ашық сынап келген дәрігер-блогер Отабек Ахлиддинов 7,1 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Озодлик хабарлады.

Ташкенттегі "Эзгулик" құқық қорғау ұйымының төрағасы Абдурахман Ташановтың айтуынша, Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің "Алдау жолымен иелік ету немесе тонау" бабы негізінде қозғалған қылмыстық іс Әндіжан облыстық сотында қаралып, Ахлиддинов кінәлі деп танылды.

Әндіжан облысының Шахрихан ауданы орталық ауруханасында бөлім басшысы болып істеген Отабек Ахлиддиновқа 200 миллион сум (16 мың долларға жуық) жымқырды деген айып тағылған.

Блогер биыл қыркүйек айында ұсталған. Алғаш Ханабад аудандық сотының үкімімен ол 5,1 жылға еркінен айырылған. Кейін прокуратура шағымынан кейін ол Әндіжанда апелляциялық негізде қаралды.

Ахлиддинов "Эзгулик" құқық қорғау ұйымының мүшесі ретінде мемлекеттік органдардың ісі бойынша сыни көзқарасын білдіріп келген.

XS
SM
MD
LG