Ссылки доступа

Өзбекстанда бюджет есебінен жаңа жыл кештерін өткізуге тыйым салынды


Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов мемлекеттік органдарға бюджет және бюджеттен тысқары қаражат есебінен жаңа жыл кештерін өткізуге тыйым салды.

Ақпаратты Gazeta.uz сайтына өзбек үкімет басшысының баспасөз хатшысы Бекзод Хидоятов растады.

Премьер-министр барлық мемлекеттік ұйымдарға, кәсіпорындарға, мемлекеттік үлесі бар банктерге, сонымен бірге әкімдіктерге бюджеттің және бюджеттен тыс ақшаның есебінен корпоративтік кештер ұйымдастыруға, мерекелік дастархан жаюға және салют атуға тыйым салды.

Ал мекеме басшылары және қызметкерлер жеке қаражаты есебінен мерекелік кеш өткізсе, тыйым салынбайды.

Өзбекстан үкіметі былтыр да бюджет есебінен мерекелік шаралар өткізуге тыйым салған.

XS
SM
MD
LG