Ссылки доступа

Иран хиджаб киюден бас тартқандарға қарсы көшпелі сот жасақтамақ


Иран билігі хиджаб киюден бас тартқан қыздар мен әйелдерді қоғамдық орындарда соттайтын көшпелі сот құрғысы келеді. BBC телеарнасының парсы қызметі осындай құпия құжат тапқан.

Бұл құжатта тәртіп бұзған оқушы қыздарды білім министрлігі жазалай алатыны, ал танымал әйелдерді 10 жылға дейін соттауға болатыны айтылған.

Полиция мен басқа да күш құрылымдарына кең құзырет берілген. Олар үйге еркін кіріп, компьютер мен мобильді телефондарды тәркілейді; сот рұқсатында дүкендерді, кафелерді жабады. Полиция қызметкерлері талапқа бағынбаған әйелдерге қарсы іс қозғай алады.

Иран билігі бұл құжатқа қатысты мәлімет бермеді, алайда құжаттан үзінді жариялаған бір газетті құпия мәлімет жариялады деп айыптап жатыр.

Иранда әйелдер хиджаб киіп жүруге міндетті. Мұндай талап 1979 жылы радикал исламшылдар билікке келген уақытта пайда болған.

XS
SM
MD
LG