Ссылки доступа

Қырғызстан ІІМ уақытша тергеу абақтыларында азаптау жойылғанын мәлімдеді


Қырғызстанның ІІМ биылғы жылды қорытындылай келе, тергеу абақтыларында азаптау көріністері жойылды деп мәлімдеді.

"Қамауда отырған немесе уақытша қамалған адамдар арасында адам өмірін қию, өзара төбелесу және азаптаулар секілді теріс көріністер жойылды", - деп айтылады мәлімдемеде.

Осыған дейін Азаптаудың алдын алу ұлттық орталығы 2022 жылы 82 адамнан өтініш түскенін мәлімдеген. Ал ішкі істер министрлігі 2022 жылы "азаптау" бабы бойынша 12 адамға қарсы қозғалған төрт қылмыстық істің екеуі сотта қаралып жатыр деді.

Орталық мәліметінше, соңғы бес жылда азаптау бойынша шағымдар 1,5 есеге азайған. 2018 жылы бұл көрсеткіш 34,2% болса, 2022-жылы 20,6% болған.

XS
SM
MD
LG