Ссылки доступа

Сауд даму қоры Тәжікстанға мектептер салуға 20 млн доллар несие береді


Сауд даму қоры Тәжікстанда жаңа мектептердің құрылысына 20 миллион доллар жеңілдікпен несие береді.

Тәжікстанның қаржы министрі Файзиддин Каххорзода жеңілдетілген несие 25 жылға, 1,5% сыйақымен беріледі.

Бұл қаржы Соғды, Хатлон облыстарындағы аудандарға 19 мектеп және 2 әкімшілік ғимарат салуға жұмсалады.

Ғимараттардың құрылысы 2028 жылға дейін бітеді деп жоспарланған.

Тәжікстан тұрғындары аймақтарда мектеп жетіспейді деп бірнеше рет арызданған. Алыс ауылдардағы балалар күніне бірнеше шақырым жол жүріп, мектептерге баруға мәжбүр.

XS
SM
MD
LG