Ссылки доступа

Өзбекстанда учаскелік милиционер 13 жастағы қызды зорлағаны үшін сотталды


25 желтоқсанда Ташкент облысы Бостандық аудандық соты милицияның бұрынғы қызметкері 13 жастағы қызды зорлады деп таныды.

Өзбекстан Жоғарғы соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 жастағы сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сот жабық өткен.

Зорлау оқиғасы туралы алғаш рет Nemolchi.uz жобасының белсенділері хабарлаған. Жәбірленушінің анасы олардан көмек сұраған. Қыздың анасының айтуынша, қылмыстық істі қарау ұзаққа созылып кеткен, ал күдікті олардың отбасын қорқытқан.

«Қылмыс мамырдың аяғында болды. 13 жастағы қыз құрбыларымен бірге көшеде қыдырып жүрген уақытта көрші оларды көлікпен сереуендеуге шақырған. Қыз көршіні таниды, сол себепті одан күдіктенбеген. Күдікті жасөспірімдерді жалға алынған үйге алып барып, оның досы қызды сол жерде зорлаған» деп жазды Nemolchi.uz.

Жәбірленуші күдіктіні сипаттап берген. Ол Ташкент ішкі істер органдары қызметкерлерінің бірі болып шыққан.

XS
SM
MD
LG