Ссылки доступа

Тоқаев Ресей — Қазақстан — Иран бағыты бойынша интернет-трафиктің балама желісін құруды ұсынды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия экономика одағы басшыларының Санкт-Петербуртегі кездесуінде Ресей — Қазақстан — Иран бағыты бойынша талшықты-оптикалық байланыстың балама желісін қарастыруды ұсынды. 

Тоқаевтың сөзінше, бұл бағыт Үнді мұхитының жағасынан өтетін қазіргі халықаралық желіге қосылу үшін керек.

"Бұл - Еуразия кеңістігінде транзит трафигінің балама жолы ғана емес, сонымен бірге Еуразия экономика одағының жаһандық деңгейдегі логистикасын күшейте түседі", — деді Тоқаев.

Осы айдың басында Ресей билігі "Еуропа Ресей операторларын трафик айырбас нүктелерінен толық ажыратқан жағдайда интернет-трафикті өзге елдер арқылы бағыттауға дайын екенін" мәлімдеген.

Еуразия экономика одағына Қазақста, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей мүше болып отыр.

Санкт-Петербургтегі кездесуге қатысушылар бірқатар құжаттарға қол қойған. Оның ішінде Еуразия экономика одағындағы экономикалық процестерді 2030 жылдан 2045 жылға дейінгі аралықта дамыту туралы декларация да бар. Кездесу кезінде Еуразия экономика одағы мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісімге де қол қойылған.

XS
SM
MD
LG