Ссылки доступа

Бішкекте 15 қаңтардан бастап жолақы қымбаттайды


Бішкек қалалық кеңесінің депутаттары 27 желтоқсанда қоғамдық көліктер ақысының жаңа тарифтерін бекітті.

Енді қолма-қол төленетін жолақы 20 сом, онлайнмен төленетін жолақы 17 сом болады. Жолақыны MegaPay қосымшасы арқылы төлеген уақытта 11 сом жұмсалады.

Жекеменшік автобустарда жолақы 20 сом болады. Жаңа тариф 2024 жылдың 15 қаңтарында күшіне енеді.

Бұған дейін Бішкекте жолақы тарифі 2021 жылғы қарашада көтерілген. Сол кезде қалалық кеңес жолақыны 11 сомға дейін көтерген.

2022 жылғы қазанда қала әкімдігі тарифтерді көтеру керектігін айта бастаған. Әкімшілік мұны жанармай мен автокөлік бөлшектерінің қымбаттауымен түсіндіріп отыр.

XS
SM
MD
LG