Ссылки доступа

Үндістанға емделуге барған өзбек азаматының 16 мың долларын ұрлап кетті


Үндістанның Гургаон (Гуруграм) қаласында полиция формасын киген бір топ адам Өзбекстан азаматының ақшасын ұрлап кетті. Бұл туралы "Дунё" агенттігі Үндістанның ақпарат құралдарына сүйене отырып хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, үш ағайындыны сенбі күні кешке қонақүйге қайтып келе жатқан уақытта полиция қызметкерлері құжат тексеруге тоқтатқан. Сөмкені тексеру кезінде олар 16 мың долларды ұрлап кеткен.

Б. С. Есімді өзбек азаматы Үндістанға бүйрек ауыстыруға барған. Ер азамат жергілікті полиция бөліміне шағымданды.

«Көліктегі адамдар полицияданбыз деп айтып, құжаттарын көрсетті. Сөмкелерімізді тексерді» дейді ол.

Гуруграм полициясы тексеру жүргізіп жатыр.

Өзбекстан елшілігі Үндістан сыртқы істер министрлігімен, басқа да мекемелермен ресми келіссөз жүргізген.

Елшілік азаматтарға күдікті адамдармен сөйлеспеуге, көп ақша алып жүрмей, банк картасын қолдануға кеңес беріп отыр.

XS
SM
MD
LG