Ссылки доступа

Қырғыз депутаты мемлекеттік рәміздерді ішкиім мен нәскиге басуға тыйым салуды ұсынды


Жогорку Кеңеш депутаты Мейкинбек Абдалиев мемлекеттік таңбаларды ішкиім мен нәскиге басуға тыйым салатын заң жобасын ұсынды.

Абдалиев кейінгі кезде мемлекеттік рәміздердің суреттерін киімге, тіпті ішкиім мен нәскиге де басып жатқанын, заң жобасы осындай құбылысқа тосқауыл қою мақсатында жазылғанын атап өтті.

«Мемлекеттік рәзімдер ел егемендігінің маңызды белгілері, соған байланысты мемлекеттік рәміздерді қолдануда шектеулерді анықтау қажет» деп жазылған заң жобасының түсіндірмесінде.

Заң жобасында мемлекеттік рәміздер қандай заттарға басылмауы керектігі туралы тізім бар. Депутат түзетуді «Қырғыз Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңына енгізуді көздейді.

Бұның алдында осы заңға Қырғызстан туы туралы өзгеріс енгізілген. Заң 26 желтоқсанда күшіне енген. Биліктің мемлекет туынының дизайнын өзгерту жөніндегі бастамасына көпшілік қарсы болған.

XS
SM
MD
LG