Ссылки доступа

Тоқаев: Президент мерзімі бұдан былай өзгермейді


3 қаңтарда "Егемен Қазақстан" басылымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлемді сұқбатын жариялады. Сұқбатта Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты, әлеуметтік-экономикалық жағдайы сөз болған. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына баға беріп, оқиғаны "қаскөй топ" ушықтырды деп мәлімдеген.

Сұқбат алушы "Егемен Қазақстан" бас директоры "әлеуметтік желіде президент конституцияға қатысты референдум өткізіп, 2026 жылы тағы да сайлауға түсуді жоспарлап отыр деген қауесет тарап жатыр, бұл – рас па?" деп сұраған.

Тоқаев мұны "жалған ақпарат" деп санайды. Оның сөзінше "Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді".

Қазақстан конституциясы Назарбаев тұсында бірнеше рет және жылдам өзгергені мәлім. Президент өкілетін Назарбаев бірде созып, бірде қысқартқан. Конституцияны өзгерту, "бір адам бір реттен артық президент бола алмайтыны туралы" норма енгізу туралы туралы Тоқаевтың бастамасы да қарсылықсыз қабылданған.

Қазақстан президенті "Пре­зи­­дент Тоқаев жүйені тұралатып тас­та­ды, ешқандай өзгеріс болған жоқ, ескі кадрлар орнында қалды" деген пікірлерге де жауап беріп, оны "астарында қоғамның шыр­қын бұзып, мемлекеттілігіміздің іргес­ін шайқайтын пасық ниет жатқан сыңаржақ пікір" деп мәлімдеген. Президенттің айтуынша, мұндай сөзді "кейбір сарапшысымақтар" айтып жүр.

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа да баға беріп, "оның Қазақ­стан­ның тәуелсіз мемлекет болып қалып­тасуы­на қосқан үлесін бәрі біледі. Әділ тарихи бағасын алуға лайық адам" деп сипаттаған.

2019 жылы наурызда Қазақстан билігіні Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алған Қасым-Жомар Тоқаев Қазақстанда саяси реформа жүргізетінін айтқан еді.

2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын Назарбаевтан белгісіз жағдайда қолына алған соң "Жаңа Қазақстан – Екінші Республика" құратынын, барлық деңгейдегі сайлауды әділ өткізетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG