Ссылки доступа

Қырғыз милициясы журналист Кундуз Жолдубаеваға қарсы іс қозғаудан бас тартты


Қырғыз милициясы Жогорку Кеңеш депутаты Надира Нарматованың журналист Кундуз Жолдубаеваға қарсы жазған арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған жоқ. Бұл туралы Жолдубаеваның адвокаты Нурбек Сыдыков хабарлады.

“Қылмыстық іс қозғаудан бас тартыпты. Бірақ "құқық бұзулар жөнінде" кодекстегі "ұсақ тәртіпсіздік" бойынша жауапқа тарту қаулысы қабылданыпты", - деген Сыдыков.

7 желтоқсанда Қырғызстанның Социал демократиялық партиясының ресми өкілі, журналист Кундуз Жолдубаева Бішкектің Бірінші май аудандық ішкі істер бөлімшесінде сұрауға алынған.

Оған Нарматованың “Арча медиа” YouTube каналындағы эфирлердің бірінде өзінің беделіне нұқсан келтірілгені туралы ішкі істер министрі Улан Ниязбековке жазған арызы себеп болған. Ол Кундуз Жолдубаева мен Махабат Тажыбекқызына шара қолдануды сұраған.

“Айт, айт десе” және “Темиров LIVE” жобаларының журналисі Махабат Тажыбекқызы да сұрауға шақырылған. Бірақ ол шетелде жүргендіктен, тергеуге әлі бармаған.

Нарматова бұл жөнінде ештеңе білмейтінін айтып, Азаттыққа пікір білдіруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG