Ссылки доступа

Жапонияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 84-ке жетті


1 қаңтарда Жапонияда болған жер сілкінісінен кем дегенде 84 адам өлген.

Исикава префектурасының билігі 4 қаңтарда зілзаладан 84 адам қайтыс болғанын растады. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.

Префектураның кем дегенде 305 тұрғыны жараланған. Аймақ билігі 33 мыңнан астам адам үйлерін тастап кеткен. Аудандардың кейбірінде су мен жарық жоқ.

Зардап шеккен аудандарға көмек жеткізу қиын, себебі жолдар мен инфрақұрылым қатты зардап шекті. Зілзала шығыны әлі есептеліп жатыр.

XS
SM
MD
LG