Ссылки доступа

Қырғыз депутаты Жамгырчиев прокуратура таққан айыпты теріске шығарды


Жогорку Кеңеш депутаты Эмиль Жамгырчиев бас прокуратураның шекарадан заңсыз өтті деген айыбын шетке қақты. Бұл жөнінде ол Азаттыққа берген сұқбатында айтты.

Ол шекараны заңсыз кесіп өтетіндей, ешқандай себеп болмағанын жеткізді.

8 қаңтарда парламентте Жамгырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселе қаралған. Бұл отырыс 9 қаңтарда жалғасады.

2022 жылдың желтоқсан айында елдің қауіпсіздік комитеті Жамгырчиев шекараны заңсыз кесіп өтті деп мәлімдеген. Сол кезде арнайы қызмет Жамгырчиевтің көлігінен және үйінен "тыңдалатын құрылғы" табылғаны жөніндегі ақпаратты тексеру барысында депутат Жанарбек Ақаев сұрауға алынғанын, бірақ Жамгырчиевтің өзінің нақты қайда болғанын анықтау мүмкіндік болмағанын мәлімдеген.

2023 жылдың қаңтар айында Жамгырчиев заңсыз Қырғызстаннан кеткені жөнінде ақпаратты теріске шығарып, әкесінің кеселіне байланысты демалыс алуға мәжбүр болғанын жеткізген.

XS
SM
MD
LG