Ссылки доступа

Қырғызстан азаматы Мәскеудегі дүкенде алты жастағы қызға шабуылдаған


Мәскеу қаласында ет сататын дүкенде бір қырғызстандық алты жастағы қызға тап беріп, мойнын жұлып алам деп айқайлаған.

SHOT басылымының мәліметінше, алты жастағы қыз әке-шешесімен бірге Новочеркасск бульварындағы ет дүкеніне келген. Дүкен ішінде бір ер азамат қыздың мойнын қыпсыра ұстап, оны өлтіретінін айтқан. Жәбірленушінің әкесі бірден қызға араша түсіп, шабуылдаушыны еденге құлатқан. Дүкен күзетшілері көмекке келген, полиция шақыртқан.

Алты жастағы қызға шабуылдаған 43 жастағы Жениш Тоқтосұнов Мәскеуге екі апта бұрын келгені мәлім болды. Ол есін дұрыс білмейтін болып шықты, сол себепті психиатриялық көмек шақыртылып, аурухана жатқызылды. Тергеу жүріп жатыр.

Алты жастағы қыздың мойны ауырсынып қалған. Қазір жағдайы жақсарған.

XS
SM
MD
LG