Ссылки доступа

Мирзиявті сынаған белсендінің психиатриялық ауруханадағы мерзімі ұзартылды


Шавкат Мирзияевті балағаттады деп айыпталған белсенді Валижон Калоновты психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу мерзімі тағы үш айға ұзартылды.

Мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзарту шешімі Жизак облыстық психиатриялық диспансері қорытындысы негізінде шығарылды.

Сот анықтамасында "тексеру кезінде науқас Калоновтың психикалық жағдайы жақсармағаны, болашаққа жоспары жоқ, жүрдім-тұрдым тәртіпсіз, істеген ісіне өкінбейтіні анықталды" деп жазылған.

Бірақ Валижон Калоновтың жақындары оның дені сау екенін, психиатриялық диспансерге "күшпен жатқызғанын" айтты.

Белсенді Валижон Калонов 2021 жылы тамызда Жизак облысының Бахмал ауданында ішкі істер министрлігінің терроризмге және экстремизмге қарсы күрес қызметі тарапынан қамалған.

2021 жылдың 23 желтоқсанында Жизак қалалық соты Валижон Калоновты “президентті балағаттады" және қоғамға қауіпті қылмыстар жасаған" деп танып, еркінен айырған. Үкім психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп емдеу шешімімен алмастырылған.

XS
SM
MD
LG