Ссылки доступа

Қазақстанда боранда жолда қалған өзбекстандық азаматтар құтқарылды


Қарағанды облысының құтқарушылары бұзылып қалған автобустан 40-тан астам адамды эвакуациялады. Бұл туралы аталған облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

9 қаңтар күні автобус Алматы-Екатеринбург трассасында жүріп бара жатқан. Көліктің бұзылуының себебі айтылмады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері бұзылған автобустан 41 адамды эвакуациялады. Олардың арасында Өзбекстанның 14, Қазақстанның 27 азаматы бар.

Жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі қатты боран кезінде алыс жолға шықпауын сұрайды.

XS
SM
MD
LG