Ссылки доступа

Қытай Тәжікстанға 5G станцияларын құруға көмек көрсетеді


Тәжікстанның байланыс қызметі елде GSM/UMS/LTE/5G стандартындағы базалық станцияларды және олардың компоненттерін енгізетінін жариялады. Бұл Қытайдың көмегімен іске аспақ.

Huawei Technologies Tajikistan Тәжікстандағы байланыс монополисінің негізгі әріптесі. Онымен әріптестік жөнінде 2023 жылдың желтоқсанында қол қойылған.

Байланыс қызметі таратқан мәліметке сәйкес, меморандум талаптарының бірі – байланыс қызметінің әдістерін, ұялы операторларды және Huawei Technologies Tajikistan компаниясының мамандарын 7600 базалық станцияны құруға үйрету және тарту.

Пекин Тәжікстанның негізгі инвесторы және несие берушісі болып есептеледі. Батыс елдері Душанбені тәжік экономикасының Қытайға толық тәуелді болып қалу қаупі барын ескертіп келеді. Тәжік билігі болса, бұл мәселе қауіпті емес деп есептейді.

XS
SM
MD
LG