Ссылки доступа

Мәскеу соты тәжік блогері Салмон Жумабойды қамаудан бас тартты


Мәскеудің Симонов соты тәжікстандық блогер Салмон Жумабойды интернет арқылы славян тектес қызды балағаттады деген іске байланысты қамауға алудан бас тартты.

Сот шешімі 9 қаңтарда шыққан. Сот шешіміне сәйкес, тергеу органдарының блогерді қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылмады, ол сот залынан босатылды.

Блогер 7 қаңтарда ұсталған болатын.

Ресейдің тергеу комитеті Жумабой әлеуметтік желіде жария түрде славян тектес қыздың сыртқы келбетіне сын айтты деп есептейді.

SHOT мәліметінше, блогер роликтерінің бірінде "жақында барлық орыс қыздар біздікі болады" және "Наташамен рахаттандым" деген сөздер айтылған. Бұл видео 2023 жылдың 9 желтоқсанында жарияланған. Блогердің өзі бұл дауыс өзінкі емес екенін айтады.

Дегенмен блогерге қарсы тергеу әлі жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG