Ссылки доступа

Тәжікстан: телефонды сатушылар мен сатып алушылар тіркеуге міндетті


Тәжікстанның кеден қызметі ұялы телефон немесе планшеттерді сатып алу кезінде сатушыдан кеден салығы төленді ме деп сұрау міндетті деп мәлімдеді.

Мекеме сим-картамен жұмыс істейтін кез-келген гаджет тіркеуден өтуі тиіс екенін ескертеді. Кері жағдайда бұл тауар контрабанда болып есептеледі деді.

IMEI (International Mobile Equipment Identity - мобильді құрылғының халықаралық идентификаторы) тіркеу тәртібі және салық төлеу мәселесі Тәжікстанда дау туғызып келеді.

Озоди радиосының мәліметінше, IMEI тіркеу үшін тұтынушылар қосымша 50 сомони төлейді. Билік былтыр бұл тіркеу тегін деп мәлімдеген. 2023 жылдан бері IMEI тіркеу міндетті. Кері жағдайда телефонға қызмет көрсетілмейді.

Сарапшылар пікірінше, IMEI тіркеу гаджет қолданушыларды бақылауда ұстап отыру үшін қажет. Алайда билік бұл гаджет контрабандасына тосқауыл қою деп есептейді. Мәселен былтыр 223 мобильді телефон контрабандасы тіркелгенін айтады.

XS
SM
MD
LG