Ссылки доступа

Ташкент әлемдегі ең лас он қала тізіміне тағы кірді


11 қаңтарда сағат 10:30-да Ташкент IQAir сайтында әлемдегі ең лас он қала тізіміне кірді.

Орталық Азия елдерінің басқа да астаналары IQAir сайтының ауа сапасына қатысты индексінде әлдеқайда төменгі орындарда тұр: Бішкек 58-орын, Астана 82-орын. Душанбе мен Ашғабат бұл тізімге кірмеді.

«Өзгидрометтің» хабарлауынша, 11 қаңтарда сағат 8:00-де Ташкентте RM2,5 бөлшектері 85,5 мкг/м3 болған. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеңесінде айтылған көрсеткіштен 17 есе көп.

3 қаңтарда Ташкент әлемде ауасы лас қалалар тізімінде екінші орын алған.

IQAir ауасы лас қалаларда көшеде спортпен шұғылданбауға, терезені жауып қоюға, маска киіп жүруге, ауа тазартқышты қосуға кеңес береді.

XS
SM
MD
LG