Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметі: Ташов пен Куреновқа бүлік ұйымдастыруға көмектескендер ұсталды


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, И.Ташов пен Т.Куреновтың (Т.Кұдайберген уулу) билікті күшпен басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болғаны анықталды.

Арнайы қызмет «билікті күшпен басып алу», «қызмет бабын асыра пайдалану» баптары негізінде қылмыстық іс қозғаған.

Мәліметтерге қарағанда, И.Ташов пен Т.Куренов тергеуден жасырынып жүр, сол себепті оларға іздеу жарияланған. Күдіктілердің елдің түрлі аймақтарында ондаған жақтасы бары анықталған. Олардың бірнешеуі ұсталған.

Ташовтың үйін тінту кезінде ақша, қымбат автокөлік және басқа да құнды заттар тәркіленгені хабарланды. Мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға қатысы бар басқа да азаматтарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG