Ссылки доступа

Тәжікстан соты белсендінің отбасына үкім шығарды


Илхомджон Ёкубов (сол жақта) және оның әкесі Дадоджон Ёкубов
Илхомджон Ёкубов (сол жақта) және оның әкесі Дадоджон Ёкубов

Тәжікстанда сот оппозициялық белсенді Илхомжон Ёкубовқа және оның отбасы мүшелеріне қарата сырттай шешім шығарды.

Хожент қалалық соты Илхомжон Ёкубовты, оның әкесі Дадожон Ёкубовты, анасы Очажон Ёкубованы және әпкесі Мунара Ёкубованы "экстремистік іс-қимыл" бабы бойынша ұзақ мерзімге сырттай бас бостандығынан айырды.

Илхомжон Ёкубов тағылған айыптар негізсіз екенін, саяси негіз бар екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, сот үкімді 2023 жылдың желтоқсан айында шығарған. Бұл сот отырысына айыпталушылардың ешқайсысы қатыспады.

Илхомжон Ёкубов 2015 жылға дейін "Исламның қайта жаңғыруы" партиясының Соғды облысындағы кеңсесін басқарған. Партия қызметіне Жоғарғы сот тарабынан тыйым салынғаннан кейін ол елден қашып кеткен.

XS
SM
MD
LG