Ссылки доступа

Пензадағы ірі жол апатынан Өзбекстанның жеті азаматы қайтыс болды


Ресейдің Пенза облысы Нижнеломовск ауданында 11 қаңтарда болған ірі жол апатынан Өзбекстанның жеті азаматы қайтыс болды. Бұл туралы ауданаралық прокурор Андрей Ярош хабарлады.

Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, 11 қаңтарда Мәскеуге бара жатқан JAC минивэні қарама-қарсы жолға шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соғысқан. Жол апатынан минивэндегі жеті адам қайтыс болып, екі адам жараланған.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, JAC минивэнінде Өзбекстанның мемлекеттік нөмірі ілініп тұрған.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG