Ссылки доступа

Иран билігі: Керманда теракт жасаған тәжік азаматы елге заңсыз кірген


Иран билігі 3 қаңтарда елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Керман қаласында жасалған шабуылға қатысы бар 35 адам ұсталғанын хабарлады.

Иран барлау министрлігі екі жанкешті содырдың бірі тәжік азаматы екенін анықтап, оның Иранға 19 желтоқсанда заңсыз кіргенін мәлімдеді.

Екінші содыр туралы мәлімет кейінірек хабарланады. Министрлік мәліметінше, күдіктілер Иранның бірнеше провинциясында ұсталған.

4 қаңтарда «Ислам мемлекеті» ұйымы Ирандағы теракт жауапкершілігін өз мойнына алды. Керман қаласында қолбасшы Касем Сүлеймани кешенінде жасалған шабуылдан 91 адам қаза болып, 284 адам жараланған.

Теһран 1979 жылғы Ислам революциясынан бергі уақыттағы ең қанды шабуыл үшін кек алуға уәде берген.

XS
SM
MD
LG