Ссылки доступа

"Умед": Ресейде жол апатынан үш тәжік және алты өзбек азаматы зардап шекті


Нижний Новгород қаласындағы тәжік қауымдастығы жол апатынан бірнеше еңбек мигрантының зардап шеккенін мәлімдеді.

Жол апаты 12 қаңтарда Нижегород облысындағы айналма жолында болған. Жүк көлігі мен "Каркас монолит" компаниясының жұмысшылары отырған автобус соқтығысқан.

Көліктегі жұмысшылардың бәрі заңды түрде ел аумағында жұмыс істеп жүрген мигранттар. Тәжік диаспорасының "Умед" қауымдастығының жетекшісі Зафар Муминов жол апатынан 3 тәжікстандық және 6 өзбекстандық зардап шеккенін мәлімдеді.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екі адам қаза болған.

XS
SM
MD
LG