Ссылки доступа

Бурят журналисі Евгения Балтатарованы Астанадан Парижге жібермеді


Бурят журналисі Евгения Балтатарованы Қазақстаннан Францияға жібермей қойды. Журналист 15 қаңтарда таңертең өзін Қазақстаннан Парижге ұшатын рейстен түсіріп жастағанын өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Балтатарова өзін Өзбекстанға немесе Ресейге депортациялау мүмкін деп ойлайды. Ол 2022 жылы Ташкенттен Қазақстанға көшіп келген, ал Ресейде оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бурят журналисін әуежайдан Астана полициясының бөліміне алып барып, бірақ уақыттан соң босатып жіберген.

«Оған Францияға ұшуға рұқсат беретінін айтқан, бірақ қазір билетке ақша жоқ. Осы оқиғадан кейін ол мың доллардан айрылған» деп жазды журналист Данияр Молдабеков өзінің telegram-арнасында.

Журналист Евгения Балтатарова 2022 жылғы наурызда Ресейден кеткен. Бұның алдында оның үйін тінтіген. Журналист полиция үстінен қылмыстық іс қозғауға ілік іздеп жүр деп есептейді. Балтатарова Украинадағы соғысқа қарсы екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Журналист Ресейден кеткеннен кейін Балтатарованы Ресей армиясы туралы «фейкт» таратты деген күдікпен халықаралық іздеуге берген. Бурят журналисі Қазақстанда саяси пана сұраған. Қазақстан билігі оған босқын мәртебесін беруден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG