Ссылки доступа

Маңғыстау өңірінде темір жол жұмысшылары да айлықты көтеруді талап етті


Маңғыстау облысында Сайөтес станциясының темір жол қызметкерлері айлықты 50 процентке көтеруді талап етіп жатыр.

15 қаңтарда жариялаған видео үндеуінде олар Жетібайда наразылық білдіріп жатқан West Oil Software компаниясы жұмысшыларын қолдайтынын да жеткізді.

Олар үндеуін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, үкімет басшысы Әлихан Смаиловқа, Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа және "Қазақстан темір жолы" компаниясының жетекшісі Нұрлан Сауранбаевқа жолдады.

XS
SM
MD
LG