Ссылки доступа

Садыр Жапаров: Жамгырчиев "Салимбай байбачаға" жолығып, "екі достың" көзін жоюды сұраған


Жогорку Кеңештің депутаты Эмил Жамгырчиев Өзбекстанның ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Салим Абдувалиевтен (Салимбай байбача) "екі достың" көзін жоюға көмектес деп өтінген. Осылай деп қырғыз президенті Садыр Жапаров "Кабар" агенттігіне берген сұқбатында мәлімдеді.

"Ол жігіттің Өзбекстанға шекара арқылы емес, шекараны бұзып өтіп, "Салимбай байбача" атты қылмыс әлемінің белсендісімен кездесіп, екі достың көзін жоюға көмектес деп өтініш білдіргенінен хабарым бар. Бұл іс бойынша ҰҚМК мен Өзбекстанның арнайы қызметі жұмыс істеп жатыр", - деді президент.

10 қаңтарда Жогорку Кеңештің отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Камчыбек Ташиев депутат Эмил Жамгырчиев Өзбекстандағы қылмыс әлемінің белсендісі Салим Абдувалиевке жазған делінген хатты көрсеткен.

Онда 10 беттік хат жазып, Қырғызстанда қысымға алынып жатқанын айтып, көмек сұрағаны айтылған.

"Салим Абдувалиев - Өзбекстанның қылмыс әлемінің белсендісі деп ашық айтуымыз керек. Эмил Жамгырчиев одан қолдау іздеп, біздің мемлекет басында отырған адамдарды жамандап, оларға шара қолдануды сұраған. Бұл не деген ақымақтық", - деген Камчыбек Ташиев.

Камчыбек Ташиев депутат Эмил Жамгырчиев 2022 жылдың желтоқсан айында Ташкентте Салим Абдувалиевпен кездескенін жеткізді. Ол "шекарадан заңсыз өтті деген айып тағылған қырғыз азаматтары қамауға алынбайды" деп, Эмил Жамгырчиевті ісі сотқа өтсе, сотқа келуге шақырды.

10 қаңтарда Жогорку Кеңеш Эмил Жамгырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тартуға рұқсат берді.

Эмил Жамгырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша құрылған депутаттық комиссияның төрағасы, депутат Алишер Эрбаев та Эмил Жамгырчиев 2022 жылы "Салимбай байбача" деген лақап атпен танымал Өзбекстан азаматы Салим Абдувалиевтен қолдау алу үшін Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, жолыққанын айтты.

Өзбекстанда 74 жастағы Салим Абдувалиевтің қамалғаны былтыр желтоқсанда белгілі болған.

XS
SM
MD
LG