Ссылки доступа

Өзбекстанда шаруаларға тыңайтқыш емес, алебастр таратқан


Өзбекстанда былтыр қазанда Қашқадария облысындағы шаруаларға таратылған «Аммофос» тыңайтқышы  құрылыста пайдаланатын алебастр болып шықты.

Соның салдарынан жүз миллион сумға дейін шығынға батқан шаруаларға басқа тыңайтқыш берілмеді, шығыны да өтелмеді.

Шаруалар «Косон Агросифат кластерінен» алған «тыңайтқышты» егіс алқабына шашқан. Шаруалардың бірқатары 4-5 тоннаға дейін пайдаланған.

Диқандар оның тыңайтқыш еместігін кеш байқаған, өйткені ақ ұнтақтың иісі жоқ болған. Шаруалардың айтуынша, нағыз аммофос тастай қатты болып келеді, ол суда немесе ылғалды топырақта ериді.

«Кластер бізге жалған тыңайтқыш беріпті. Бәрімізден сенімхат алып, ақша ұстап қалды. Енді тыңайтқыш та, ақша да жоқ. Прокуратура да, кластер өкілдері де келді, бірақ ешкім ештеңе айтпайды» дейді қашқадариялық шаруа Бахром Тайлақов.

Шарулардың айтуынша, зертхана ұнтақтың жүз пайыз алесбастр екенін анықтап берген.

Қашқадария шаруаларына таратылған қаптарда аммофос Қазақстанда өндірілгені жазылған. Бірақ оны республикаға кіргізбестен бұрын неге тексеріп алмағаны белгісіз.

Диқандар кластер қоймасында 300 тоннадан астам жалған «аммофос» қалғанын айтты.

XS
SM
MD
LG