Ссылки доступа

V Дүниежүзі көшпенділер ойындары Астанада өтеді


V Дүниежүзі көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған 100-ден астам елден 4 мыңға жуық спортшы қатысады.

Олар ат жарысы, күрес, көкпар секілді спорттың 20 түрі бойынша жарысады.

Астана ортасында орналасқан "Көшпенділер әлемі" этно ауылы қазақ елінің мәдениеті және салт-дәстүрі, сонымен бірге ойынға қатысқан елдердің мәдениеті мен танысу алаңына айналады.

Этно ауылға күніне 30 мың қонақ бара алады.

Шара "Ұлы дала дүбірі" деген ұранмен өтеді.

Қырғызстанның бастамасымен 2014 жылдан бері өтіп жатқан Дүниежүзі көшпенділер ойындары осыған дейін үш рет Ыстықкөлде ұйымдастырылған.

IV Дүниежүзі көшпенділер ойындары 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өткен.

XS
SM
MD
LG