Ссылки доступа

Түркияда шала туған баласын әжетханаға тастап кеткен өзбек әйелін қамаудан босатты


Стамбұл полициясы Өзбекстан азаматы Мухлисахон Кәрімованы қамаудан босатты. Әйелді төрт ай ғана көтерген баласын әжетханаға тастады деп айыптаған.

Бұл туралы Өзбекстанның Стамбұлдағы бас консулдығы хабарлады. Консулдық мәліметті полиция бөлімінің басшысынан алған.

Бұның алдында түрік басылымдары Мухлисахон Кәрімова полицияға шағымданып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген адамдар оның төлқұжатын тартып алғанын айтқан.

Мәліметтерге қарағанда, Кәрімова іш тастатқызатын дәрі ішіп, төрт ай ғана көтерген баланы туған соң, оны қонақүйлердің біріндегі әжетханаға тастаған.

Өзбекстанның Стамбұлдағы бас консулдығының хабарлауынша, түрік жағы Кәрімованың заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген адамдарды жауапқа тарту мақсатында жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG