Ссылки доступа

Қырғызстанда әскери бөлімнің үш командирі сарбаздарды ұрғаны үшін ұсталды


Қырғыз сарбаздары
Қырғыз сарбаздары

Қырғызстанда әскери бөлімдердің бірінің үш командирі сарбаздарға қол көтерді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Командирлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Істі әскери прокуратура тергеп жатыр. Бұл оқиға нақты қай бөлімде болғаны белгісіз.

«Қылмыстық іс аясында әскери бөлімнің үш командирі ұсталды. Тергеу басталып, қылмысқа қатысы бар адамдар анықталып жатыр» деп хабарлады құзырлы орган.

2023 жылғы желтоқсанда Қырғызстан қорғаныс министрлігі Бақтыбек Бекболотов елдің әскери бөлімдерінде әлімжеттікке қарсы күресіп жатқанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG