Ссылки доступа

Өзбекстан Жоғарғы сотынан кеткен Робахон Махмудова «Әділет» партиясын басқарады


 Робахон Махмудова
Робахон Махмудова

Робахон Махмудова Өзбекстан социал-демократиялық «Әділет» партиясының төрайымы болып сайланды. ӨзА агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні партия саяси кеңесінің пленумы өткен.

Партия жетекшісі Бахром Абдухалимов саяси ұйым басшылығынан өз еркімен кеткен.

Робахон Махмудова 2020 жылдан бері Өзбекстан Жоғарғы соты төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді. Сенат өткен аптада оны осы қызметтен босату туралы өтінішін қабылдады.

2023 жылы Робахон Махмудова «Әділет» партиясы атынан президент сайлауына түсіп, 4,43% дауыспен екінші орын алған.

XS
SM
MD
LG